500 мың адамның кепілсіз алған несиесі кешірілді
Алынған несиелер кешіріліп, банктер мен микрокредит ұйымдарына қойылатын талап 5 есе күшейтілді.
«Бұл – халықтың әл-ауқатын арттыруға деген нық қадамдар», - дейді сарапшы. Себебі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретінде қол қойған алғашқы құжаттың бірі қиын жағдайға тап болған азаматтардың борышын азайту болған.
Ал 2023 жылдың наурызында жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң күшіне енді. 15 млрд теңгеден астам қаржы бойынша 8,5 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды.
Ал осы жағдайды түбегейлі өзгерту үшін былтыр Мемлекет басшысы Жолдауында Үкіметке нақты тапсырма берді. Одан бөлек енді кез келген адамға несие берілмейді. Банктер мен микрокредиттік коллектор ұйымдарының қызметі қатаң тексеріледі.
Риззат Тасым, қоғамдық процестерді зерттеу орталығының басшысы:
- Бұл жақта екі жақтың да жауапкершілігі артуы керек. Яғни қарыз берушілер мен қарыз алушылардың. Жылдың аяғында Қазақстан қоғамдық даму институты өткізген сауалнама нәтижесінде кредиті жоқ адамдардың үлесі жоғары. Яғни білім респонденттердің қаржылық әрекетінің сапасына әсер ететінін атап өту қажет. Сондықтан да Президент бұған баса назар аударды. Яғни ұлттық жаңа болмысы туралы айтқан кезде.