Хабар телеарнасы

Қазақстан мен Түрікменстан өзара сауданы $1 млрд жеткізуге ниетті

Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі сыртқы істер министрі Рашид Мередов Астанаға ресми сапармен келді. Мәртебелі мейманды еліміздің бас дипломаты Мұрат Нұртілеу қабылады. Кездесуде тараптар екіжақты саяси-экономикалық, мәдени-гумнитарлық ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Еске сала кетейік, былтыр Қазақстан мен Түрікменстанның Сыртқы істер министрліктері 2024-2026 жылдарға дейінгі ықпалдастық бағдарламасына қол қойған. Бұл жолы тараптар Каспий мен Аралдың экологиялық түйткілдеріне тоқталып, мәселені шешуде екі елдің Парламенттері мен Үкіметтері күш біріктіру керектігін атап өтті.

Сондай-ақ қос дипломат сауда, көлік логистика мен энергетика саларындағы байланыстарға да ерекше тоқталды. 

Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Соңғы бес жылда екіжақты саудамыз шамамен төрт есе ұлғайтуын ерекше қанағатпен атап өтемін. Өткен жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы 28%-ға өсіп, 563 млн долларға жетті. Сонымен қатар барлығының естеріне сала кететін, тағы да бір жәйт бар Мемлекет басшыларының тапсырмалары мен уағдаластықтарына сәйкес, екіжақты саудамызды 1 млрд долларға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Осы орайда біз жол картасын қабылдағанбыз және оның орындалуын мұқият қарап жүрміз.