2025 жылдан бастап Astana Motors Қытайдың танымал көліктерін шығарады
Еліміздің Өнеркәсіп және құрылыс министрі Алматыдағы мультибрендті зауыттың құрылысын жоғары бағалады. Astana Motors 2025 жылдың І тоқсанынан бастап мультибрендті зауытта Қытайдың танымал көліктерін шығара бастайды.
Алматының Индустриалды аймағындағы жаңа кәсіпорын жылына 90 мың жеңіл көлік өндіреді. Бұл қытайдың танымал автобрендтерін бір арнаға тоғыстырған әлемдегі жалғыз зауыт. Отандық Chery, Haval, Tank және Changan көліктері келесі жылдың басында еліміздегі ресми дилерде сатыла бастайды.
Ақылбек Анарбаев, Astana Motors бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры:
-2025 жылдан бастап Astana Motors компаниясының зауыты Chery, Haval, Tank және Changan көліктерін шығара бастайды. Ол зауытта 3600 қазақстандық жұмыспен қамтылады. Біз тек қана жұмыс орындарын ашпай, сонымен қатар сол зауытта жұмыс істейтін инженерлік, техникалық мамандардың біліктілігін арттырамыз.
Astana Motors мәліметінше техникалық университет түлектерінің машина өндіру саласына қызығушылығы жоғары. Бұған автобрендтердің танымалдығы, еліміздегі индустрияландыру қарқыны, заманауи зауыттардағы ыңғайлы жұмыс және біліктілікті арттыру мүмкіндігі әсер етіп отыр.
Ақылбек Анарбаев, Astana Motors бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры:
-Astana Motors компаниясының екі елдің екіжақты қарым-қатынасын дамытудағы ҚР мен ҚХР дамытудағы үлкен үлесін айтқым келеді.
Мультибрендтік зауыт Automotive Engineering Corporation құрылғысымен жабдықталған. Ол әлемдегі BMW, Mercedes-Benz, Volkswagen, Toyota және басқа да брендтерді жабдықтаушы компания. Сондықтан Astana Motors техникалық күрделі кәсіпорынның құрылысын жауапкершілікпен жобалаған.
Авторлары: Аршын Кемелжан, Эдуард Кон