В. Путин: Қазақстан мен Ресей арасында берік ынтымақтастық бар
Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петерборда өткен экономикалық форумда ақпарат өкілдеріне берген сұхбатында айтты.
Ресей басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен достық қарым-қатынасын ерекше атап өтіп, Ресей Қазақстанның солтүстік аймағын газбен қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді. Айтуынша, көгілдір отынды Ресейден тарту әлдеқайда жеңіл әрі арзан. Сондай-ақ екі ел арасындағы ортақ шекараның маңызына тоқталды.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті:
- Екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестік пен сауда-экономикалық қатынастың маңызы зор. Әрі бұл байланыс жылдан-жылға нығайып келеді. Нақтырақ айтсам, екі елдің сауда айналымындағы көрсеткіш жоғары. Сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ғарыш саласында да бірқатар жұмыс атқарылуда. Қасым-Жомарт Тоқаевпен үнемі байланыстамыз. Арадағы сенімді әрі берік қатынас одан ары жалғасын табады деген үміттемін.