Қазақстан-Өзбекстан арасындағы сауда айналымы 4,5 млрд долларға жуықтады
Ал елордада Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесі өтті. Жиынға екі елден 100-ден астам компания қатысты. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, логистика, әйелдер кәсіпкерлігі және инвестиция салаларындағы әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері талқыланды.
Айта кеткен жөн, Қазақстан Өзбекстанға негізінен бидай, ұн, өсімдік майы, ет, картоп, арпа экспорттайды. Өзбекстаннан Қазақстанға әкелінетін тауарлар қатарында жемістер мен көкөністер көп.
Мұрат Қарымсақов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы:
- Бізде шын мәнінде даму үшін өте маңызды әлеует бар. Ал біз мұны екі елдің игілігі үшін пайдалануымыз керек. Астық өңдеуге инвестиция салу үшін біз өзбек тарапына үлкен мүмкіндіктер береміз. Ал бірлесе заманауи автокөлік компанияларының құрылысында игі жобалар жасап, логистика, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша да жұмыстар атқарылуда. Біз экономикаларымызды жақындастыру үшін елдеріміздің нақты ерекшеліктерін пайдаланып жатырмыз.