Хабар телеарнасы

Қатар мемлекеті елімізде 9 инвестициялық жобаны іске асырады

Екі ел Үкіметтері арасындағы келісімді Сенат мақұлдады. Мамамандар: «Бұл құжаттың тиімділігі көп», - дейді. Мәселен, Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттары салынады. Ал Қостанай облысында газ құбыры тартылады.

Сондай-ақ екі электр станциясын салу көзделген. Барлығын қоса алғанда 20 млрд АҚШ долларындай қаражат тартылады деп жоспарлануда. Нысандарды салу кезінде 14 мың, ал іске қосылған соң 3 мың адам жұмыспен қамтылады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Ынтымақтастық аясында телекоммуникация, энергетика, көлік, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы және қаржы салаларына басымдық беріледі. Жалпы заңның қабылдануы экономикамыздың дамуына және екі ел арасындағы серіктестіктің одан әрі нығаюына оң септігін тигізеді деп сенеміз.