Чехия Қазақстанға тағы 40 бас Пржевальский жылқысын жібереді
Чехия Қазақстанға тағы 30-40 бас Пржевальский жылқысын жібереді. Бұл туралы елімізге жұмыс сапарымен келген Чехия Сыртқы істер министрі Ян Липавский айтты. Биыл жазда аталған елден 7 бас жылқы әкелініп, Торғай даласына жіберілген еді. Осылайша қазақ жерінде жабайы жылқы тұқымы көбеймек.
Мәртебелі мейман екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарға да тоқталды. Соңғы 20 жылда Чехия Қазақстанға 350 млн доллар инвестиция салған. Алдағы жылдары Қазақстанға тағы бірнеше Чехия компаниясы келеді. Ал арадағы сауда айналымы былтыр 2 есе ұлғайып, 630 млн доллардан асқан.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Сыртқы істер министрі:
- Өткен жылы Чехия Премьер-министрі Петр Фиала мырза Қазақстанда ресми сапармен болды. Қос елдің басшылары Астана мен Праганың жан-жақты байланыстарын одан әрі екпінді түрде келісілген болатын. Қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде биыл елордалар арасында тікелей әуе рейстері орнатылды. Қазіргі таңда Чехияның жоғары оқу орындарында 3 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жүр.Оған қоса 20 мыңға жуық турист елімізден Чехияға сапар шегеді.
Ян Липавский, Чех республикасының Сыртқы істер министрі:
- Бүгінгі кездесуде ғылыми зерттеу, бизнес байланыстарды дамыту мәселесінде әріптестікті нығайту туралы келісімге келдік. Сондай-ақ Астанада Чех және Қазақстан Республикаларының арасында бірлескен зерттеу институтын құрмақшымыз. Пржевальский жылқысының тұқымын Қазақстанда жандандыру жобасының сәтті іске асырыла бастағанын да атап өткім келеді. Бұл жылқы тұқымы Қазақстанда да танымал болады деп үміттенемін.