Бюджет қаражатын үнемдеу үшін Tapsyru сервисі іске қосылды
Мемлекеттік мүлікті қайта бөлу және бюджет қаражатын үнемдеу үшін пилоттық режимде «Tapsyru» (Тапсыру) сервисі іске қосылды.
Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Бүгінде «Тапсыру» сервисіне 700-ден астам қатысушы мен 313 мың актив тіркелген. Бұдан бөлек, келер жылы «Кәсіпкердің бірыңғай жеке кабинеті» порталын іске қосу жоспарда. Ол мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлердің өзара іс-қимылын жеңілдетуге бағытталған. Осының нәтижесінде салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттырып, бюджет қаржысын ұтымды жұмсау көзделіп отыр.
Таразда бірнеше жыл кезете тұрған 23 мыңнан астам сәби небәрі екі айда балабақшадан орын алған. Ал Түркістан қаласында соңғы екі аптада 740 ваучер беріліп, балабақша кезегінде бала қалмаған. Бұл қазіргі таңда сынақтан өтіп жатқан ваучерлік қаржыландыру жүйесінің оң нәтижелері, - дейді Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова.
Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен білім, медицина, салық, кеден және қаржы саласын цифрландыру жайы талқыланды. Жиында мемлекеттік мүлікті қайта бөлу және бюджет қаражатын үнемдеу үшін пилоттық режимде іске қосылған Tapsyru сервисі мен «Әлеуметтік әмиян» сынды бірнеше жобалардың тиімділігі сөз болды.
Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың айтуынша, ел үшін маңызды салалардың цифрлануы – бюджет қаражатын ұтымды жоспарлау мен жұмсау және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес.