Балаларға 9 айынан бастап қызылшаға қарсы екпе салынатын болады
Негізінен бірнеше ірі қалада көп тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігі барлық өңірлермен селекторлық кеңес өткізді. Ведомство сәбилерге 1 жастан емес, 9 айынан бастап қызылшаға қарсы егуді ұсынып отыр. Себебі балаларға вакцина салынбаса, қызылша жұқтыруы мүмкін.
Былтыр 5,5 мың ата-ана баласына екпе салғызудан бас тартқан. Түсіндіру жұмыстарын жүргізген соң 2,5 мың ата-ана екпе салдыруға келіскен. Айта кетері, көрші Ресейде 4 мыңнан аса, Қытайда 30 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. «Ауруды шетелге сапарлап келгендер тасымалдауы мүмкін», – дейді мамандар.
Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Денсаулық сақтау министрлігі күнделікті бұл жағдайды тек қана елімізде емес, басқа да мемлекеттерде де қарап отыр. Отбасының ішінде және мектептің ішінде контактке түскен адамдардың арасында вакцинация өткізу, науқас адамдарды карантинге жіберіп, ауруханаға жеткізу. Қазіргі күнде жалпы жағдай біздің бақылауымызда.
Респираторлық вирус жұқтырғандар қатары азайған
Ал соңғы 4 айда өткір респираторлық вирус жұқтырғандар қатары 200-ден сәл асқан. Дәрігерлердің айтуынша, бұл өткен жылдағыдан 16%-ға аз. Жұқпалы ауруға шалдыққандардың 65%-ы 14 жасқа толмаған балалар. Мектеп оқушыларына тұмауға қарсы екпе салу үшін елге қосымша 200 мың дана вакцина жеткізілген.