Елбасы Үкімет туралы Жарлыққа қол қойды
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі міндеттерін уақытша атқару Асқар Ұзақбайұлы Маминге жүктелді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра береді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.