Германия кәсіпкерлері АХҚО-ға қызығушылық танытты
Осыған орай, Берлинде ірі компаниялардың басшылары, қаржы орталықтарының өкілдері мен сарапшыларға еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Іскерлік таңғы ас форматында өткен кездесуде қатысушыларға АХҚО артықшылығы мен жеңілдіктері туралы айтылды. Қазақстан үшін Германия – маңызды серіктес. Екі ел арасындағы тауар айналымы 5 млрд еуродан асады.
Ермек Көшербаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:
- Енді еліміздің Сыртқы істер министрлігіне сыртқы саяси мәселелерден бөлек, дамыған мемлекеттерден инвестиция тарту жұмысы жүктелді. Сонымен қатар экспорт бағытындағы үйлестіру жұмыстарын нығайту ісі де қарастырылған. Германия сенімді серіктесіміз болып саналады. Бүгінгі кездесу – неміс қаржыгерлерінің АХҚО-мен ынтымақтастықты нығайтуға ынталы екендігінің айқын көрінісі.
Эдуард Кинсбрунер, Германия экономикасы шығыс комитетінің аймақтық директоры:
- Кездесу нәтижелі өтті. Қазақстан тарапынан жақсы презентация жасалды. АХҚО құқықтық жүйесі және өзге де артықшылықтары кәсіпкерлерді қызықтырып отыр.