ҚР Президенттігіне ұсынылған Сәдібек Түгел кандидат ретінде тіркелді
Ол барлық құжатын өткізді, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және барлық конституциялық талапқа сәйкестігі анықталды. Президенттіктен үміткер Сәдібек Түгел 122 102 азаматтың қолын жинаған. Оның 120 175-і дұрыс деп танылды. ОСК үміткерді кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдап, тиісті куәлігін тапсырды.
Сәдібек Түгел, ҚР Президенттігіне кандидат:
- 5-ші шешуші кезеңге сүрінбей өттік. Алдымызда үлкен асу тұр, одан да жақсы өтеміз деген үміт бар. Оңай болды десем дұрыс болмайды, жүрек ауырған күндер, ұйқысыз түндер көп болды. Барлық өңірдегі азаматтарымыз белді бекем буып, білекті түріп қызмет істеді.