Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл
Осы екі датаға орай Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті. Оған экономикалық одаққа мүше бес елдің басшысы келді, сондай-ақ мерейтойлық саммитке Тәжікстан мен Молдова мемлекеттерінің Президенттері де қатысты. ЕАЭО мүше мемлекеттер үшін өз тиімділігін көрсетті. Саммитте оған дәлел болатын дәйекті сандар аз айтылған жоқ.
Гүлжан Марқабаева, тілші:
- Тәуелсіздік сарайы. Еуразиялық экономикалық интеграцияның орталығы деуге әбден болады. Осыдан тура 5 жыл бұрын, яғни 2014 жылдың 29 мамырында дәл осы ғимараттың ішінде Қазақстан, Ресей және Беларусь Президенттері ЕАЭО құру туралы келісімге қол қойды. Бес жылдық белес, алғашқы мерейтой. Айтатын нәрсе бар, қорытынды жасайтын уақ келді. Нұр-Сұлтанда интеграцияға иек артқан бестіктің басшылары бас қосты.
Бұл жолғы жиынның жөні бөлек. Еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл, Еуразиялық экономикалық одаққа 5 жыл толды. Идеяның авторы – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, келісімнің ордасы – Нұр-Сұлтан. Жиын түс әлетінде басталды. Әуелі ортақ тарих үшін ортақ сурет.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Я рад видеть вас всех на казахстанской земле. Мы вместе работали, в непростых условиях поддерживали друг друга. Я вас поздравляю с первым нашим малым юбилеем. Мы создали ЕАЭС на огромной территории, объединили возможности пяти стран. Мы занимаем первое место по добыче нефти, ведущие позиции по углю и во многих других сферах, в том числе по сельскому хозяйству.
Еуразиялық экономикалық одақ – ең iрi тұтынушылық нарықтарының бiрi. Бұл – энергия ресурстарының iрi экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бiрлестiк.
Осыдан 25 жыл бұрын Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттiк университетiнде Нұрсұлтан Назарбаев айтқан идея арада 25 жыл өткенде ауқымды жобаға айналды. Уақыт өткен сайын Еуразиялық экономикалық одақтың керегесі кеңейді, үштік одақ бестік бірлестікке айналды.
Мейрейтойлық саммитке жиналған мәртебелі меймандар Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатын тағы бір мәрте мойындады. Мойындады да, Елбасыға құрметті лауазым ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көрегендігінің арқасында тұтас континенттің экономикалық және геосаяси ландшафын өзгертті. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуында Елбасының геотарихи үлесін ескере отырып, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа «Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті Төрағасы» атағын беруді ұсынды. Қазақстан Республикасы атынан Ресей Президентіне және осы ұсынысқа бірауыздан қолдау білдірген өзге серіктестерімізге алғысымды айтамын.
Еуразиялық экономикалық одақ – бес елдің 180 млн-нан астам халқын біріктіріп отырған алып нарық. Сыртқы сауда айналымы 753 млрд доллардан асып отыр. Одаққа мүше елдердің жалпы ішкі өнімін қоссақ, 2 трлн долларға жетіп жығылады. Бұл абстрактiлi сандар емес. Олардың артында жүздеген нақты кәсiпорын мен компания, мыңдаған жаңа жұмыс орны тұр.
Биыл ұйымның төрағалығын Армения мемлекеті атқарып жатыр. Елдің Премьер-Министрі Никол Пашинян бестік бірлестіктің ынтымақтастық географиясын кеңейтуге күш салып жатқанын жеткізді.
Никол Пашинян, Армения Республикасының Премьер-Министрі:
- Экономикалық одақ дамып, бизнес пен елдердің экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Халықаралық серіктестіктің шеңбері ұлғайып келеді. Жақында Иранмен еркін сауда туралы келісім күшіне енеді. ҚХР-мен өзара ақпарат алмасу туралы келісімшарт та жақында жұмысын бастайды. Сондай-ақ Вьетнам, Сингапур, Египет, Сербиямен келіссөздер жүріп жатыр. Олар сәтті аяқталып, нақты нәтижелерін көреміз деп сенеміз.
Еуразияның тартымдылығы һәм танымалдылығы артып келеді. Бұл ретте құрлықтағы құрылымға да қызығушылық туары сөзсіз. Қазірдің өзінде 40-қа жуық ел Еуразиялық экономикалық одақпен ынтымақтасуға ниетті. Олардың арасында Қытай мен Сингапур, Жапония мен Корея секілді экономикасы озық елдер бар. Шағын құрамдағы кездесу кеңейтілген форматқа ауысты. Мемлекет басшылары Еуразиялық экономикалық одақты тартымды әрі тиімді етудің тетіктерін талқылады. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Төрағасы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев 5 бағыттан тұратын ұсынысын жеткізді. Соның бірі – интеграция идеясын ілгерілету.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Расширение стратегических контуров ЕАЭС, усиление идеи интеграции. Нам нужно наладить полноценное экономическое сотрудничество между ЕАЭС, Европейским союзом, Шанхайской организацией сотрудничества, а возможно и АСЕАН. Это непростые задачи. Но если мы поставим задачи и будем вместе работать, можно продвинуть такие идеи. Смысл нашего евразийского пространства не в том, чтобы закрыться, а в том, чтобы сделать его более открытым для глобальных взаимодействий. Второе, Китайская инициатива «Один пояс, один путь» должна восприниматься как неотъемлемое продолжение потенциала ЕАЭС в части инфраструктуры и логистики.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев мүше мемлекеттердің ішкі өндірісін дамытуға бағытталған ақылды интеграцияны жүзеге асыру мәселесіне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Нужны проекты объединяющие все страны участницы, как например концерн Airbus в ЕС. Они становятся ядром. Почему нам не подумать о таком проекте в наших странах? Нам не хватает собственных внутренних региональных самолётов, которые летают на короткие расстояния. Мы можем их производить. Нам не хватает для сельского хозяйства авиации, которую мы можем производить. Нам нужны новые стратегии по завоеванию рынков в условиях торговых войн. Например из-за санкций сегодня получается разрыв в товарах поставляемых из Америки в Китай, из Китая в Америку. Почему не изучить, не внедриться в эту нишу и не предлагать наши товары? Мы тоже можем извлечь из этого пользу. Предлагаю разработать Дорожную карту до 2025 года с учётом этих и других инициатив.
Экономикалық одақтағы саяси сабақтастық. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың мамырында Сочи қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Еуразия» жүрдек теміржолының құрылысын бастауды ұсынды.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Бұл жоба еуразиялық интеграцияның символына айналып, елдеріміздің экономикасына қосымша серпін беріп, үлкен Еуразияны одан әрі байланыстыра түсер еді. Қазақстан «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізінің өзіне тиесілі бөлігін аяқтап, халықаралық көлік жүйесіне сәтті интеграцияланды. Бұл жобаның Ресей аумағында жоспарланған жұмыстарының аяқталуы бүкіл дәліз бойында жүк тасымалын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде мемлекеттеріміз Шығыс-Батыс-Шығыс транзиті үшін барынша бәсекеге қабілетті әрі тартымды бола түседі.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы одаққа мүше мемлекеттерді «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы өздеріне инвестиция тартуға шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойынша, Еуразиялық экономикалық одақтың тиімділігін әуелі қарапайым адамдар сезінуі тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
- Одақ ішіндегі кедергілер инвесторлардың одаққа деген сенімін төмендетуі мүмкін. Сол себепті оларды жою бойынша жұмыстарды жаңа деңгейге көтеру керек. Бұл тек Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің емес, сондай-ақ ұлттық органдардың да міндеті болуы тиіс. Кедендік әкімшілендіру мәселесі әлі күнге дейін өзекті болып тұр. Одақты өзара тиімді әріптестік негізінде дамыту керек. Одаққа мүше мемлекеттердің халқы Еуразиялық экономикалық одаққа мүшеліктің шынайы жемісін сезінулері тиіс. Бізге үшінші елдер тарапынан келетін демпинг, контрафактілік тауарлардан одақтың ортақ нарығын қорғау үшін күшімізді біріктіріп, үйлестіру керек.
Еуразиялық интеграция қарапайым халыққа не берді? Мүше мемлекеттердің азаматтары еуразиялық бірлестіктің кез келген елінде еркін жұмыс істей алады, яғни диплом жарамды. Экономикалық одақ аясында еңбек мигранттарына медициналық қызмет тегін көрсетіледі. Енді зейнетақы жүйесінде еңбек өтілі бес елге бірдей есептелінбек. Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин айтты.
Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:
- Еуразиялық комиссия келісім дайындап жатыр. Ол зейнетақыны есептеу барысында одаққа мүше мемлекеттердің барлығының аумағындағы еңбек өтілін толықтай есепке алуға мүмкіндік береді. Меніңше, нақты бір азамат үшін, өмір бойы жұмыс істеген адам үшін мұның маңызы өте зор. Біз үшін де, сол адам үшін де нақты оның қайда жұмыс істегені маңызды емес. Ең бастысы, оның жұмыс өтілін дәлелдейтін нақты құжаттары болса болғаны. Бұл құжаттың күшіне енуі біздің мемлекет азаматтарының құқықтары мен мүдделерін барынша толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ал Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко ЕАЭО ішіндегі көрсеткіштердің төмендеп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.
Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының Президентi:
- ЕАЭО – жас одақ. Алайда өзінің тиімділігін көрсетіп үлгерді. Бұл әлеует одан әрі қарай арта беретін болады. Соңғы жылдары сауда өсімінің қарқыны байқалды. Бізді одақ ішіндегі қарқынның бәсеңдеп, үшінші елдермен тауар айналымының артып келе жатқандығы алаңдатады. Одақ ішінде өндірілген тауар үлесін арттыру арқылы ғана нақты бір нәтижеге жетеміз. Барлық салада тең жағдай жасау керек. Мемлекет басшысынан бастап сарапшыларға дейін одақта бірыңғай нарық, ортақ кеңістік екендігін түсінуіміз қажет. Шектеу шарасын енгізуге қарсы әрекет ететіндей біздің комиссияның құзыреттілігін кеңейту маңызды болып табылады.
Қырғыз елі цифрлық экономиканы бетке алды. Сооронбой Жээнбеков ЕАЭО ішіндегі кішкентай кедергілерді жойып, ортақ электроэнергетикалық орган құру бастамасын көтерді.
Сооронбай Жээнбеков, Қырғыз Республикасының Президенті:
- Соңғы кездері кедендік салықтарды жасыру бойынша біздің тарапқа айтылатын сын көбейді. Сол себепті мүдделі жақтардың қатысуымен үшжақты кедендік бақылау өткізуді ұсынамын. Мұндай үрдіс барлық мәселені шешеді. Бізге экономиканы бекіту мен жақындату бойынша бәтуаластық шешім қажет. Комиссияға шағын экономикалармен әріптестік ету механизмін қарастырып, біздің одаққа енгізуді ұсынамын. Сондай-ақ ортақ электроэнергетикалық нарықты құрамыз. Бұл жаңа органдарды ашуды талап етеді. Энергетикалық әлеуетті есепке ала отыра, Қырғызстан осындай органды өзінде орналастыруға әзір.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес өз жұмысын аяқтады. Мерейтойлы саммиттің қорытындысын жасаған Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян: «Күн тәртібіне шығарылған барлық мәселе бойынша ортақ келісімге келдік», – деп хабарлады. Саммит соңында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске мүше мемлекеттер басшылары бірқатар құжатқа қол қойды.
ЕАЭО алдында ең маңызды екі миссия бар. Бірі – әлемдегі ірі макроэкономикалық аймаққа айналу. Шығыс пен Батысты, Еуропа пен Азияны жалғайтын «экономикалық көпір» атану. Ал екіншісі – әрбiр мүше мемлекеттi әлемнiң барынша дамыған елдерi қатарына енгiзу. «Еуразиялық экономикалық одақ халқымызға ауыртпалық емес, игiлiк бола білуі керек», – деген-ді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл ретте бірлестік бағытынан жаңылған жоқ. Сарапшылар алғашқы бесжылдықты қиын кезең деп сипаттайды. Сөйткен бесжылдық белес артта қалды. Кеңестің келесі отырысы 1 қазан күні Ереванда өтеді.
Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Риат Шони, Ерболат Дайыров, Әлібек Әлиев