Елбасы ҚХА Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты қабылдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдап, осындай тапсырма берді. Кездесу барысында ұйымның қазіргі қызметі және XVII сессияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қолға алынып жатқан шаралар баяндалды. Жансейіт Түймебаев Елбасыға бейбітшілік пен келісімді сақтағаны, сондай-ақ ел экономикасын дамыту ісіндегі жетістіктері үшін этномәдени бірлестіктер атынан зор ризашылығын білдірді. ҚР Тұңғыш Президенті ұйымның тұрақтылықты сақтау және қоғамның бірлігін нығайту үшін атқарып жатқан жұмыстарының маңызы зор екенін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Осы жылдар ішінде Ассамблея елге қажет үлкен орган болып шықты. Әр аймақта өзінің ғимараттары бар, жиналатын, өздерінің тілін үйренетін, тарихын, мәдениетін еске түсіретін жерлері бар. Ассамблея қоғамның өсуіне көп жұмыс істеп келе жатыр. Сондықтан қазір жергілікті жұмыстарды пайдаланып, елдің арасын, әр этностың арасын біріктіріп, Қазақстан азаматтарының бірлігін сақтауға жұмсауымыз керек.
Жансейіт Түймебаев, ҚХА Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі:
- ҚХА Сіздің төрағалығыңызбен қазір қызу жұмыс істеуде. Әсіресе 29 сәуірде өткен ҚХА сессиясында бүкіл халық көріп, облыстан келген делегаттар үлкен күш-қуат алып қайтты және теңдесі жоқ қазақстандық модель, бірлік, келісім моделін Қазақстан ішінде және сыртта да таратуға үлкен жұмыс істеп жатырмыз. Көптеген шара өтуде, қызығушылық үлкен. ҚХА құрамындағы ғылыми-экспорттық кеңес, аналар кеңесі, ҚХА кафедралары Сіздің бірлік және келісім моделіңізді таратуға жұмыс істеуде.