Exit poll: Дәния Еспаева 5,32% дауыс жинады
Белгілі болғандай, Дәния Мәдиқызы Exit poll нәтижесі бойынша, сайлаушылардың 5,32% дауысына ие болды. Қазақстан тарихында мемлекет басқаруға ұмтылған алғаш әйел бұл көрсеткішке көңілі толатынын жеткізді. Оның айтуынша, осының өзі сайлауалды бағдарламасында аталған негізгі бағыттардың халыққа қажет екенін байқатады.
Айта кетейік, Дәния Еспаева үгіт-насихат кезінде ел ішінде жаппай кәсіпкерлікті дамытуды, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді және ұлттық тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеді.
Дәния Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Бүгінгі күн барлығымызға өте маңызды күн деп есептеймін. Сондықтан біріншіден, қазақстандықтарды сайлау күнімен құттықтаймын. Ал «Ақ жол» партиясына және маған дауыс берген қазақстандықтарға алғысымды білдіремін.