«Сбербанк» үздіктер қатарынан көрініп келеді
2019 жылдың 9 айдағы көрсеткіші бойынша «Сбербанктің» қаржы активтері елдегі екінші деңгейлі банктер арасында 2-орында тұр.
Еліміздегі ипотекалық бағдарлама арқылы алынған әрбір екінші пәтер «Сбербанк» арқылы рәсімделген. Сонымен бірге автонесиелеу бағытында да серпінді дамып келеді. Жыл басынан бері қаржы ұйымының активтері 11% өсіп, 2 трлн теңгеден асса, Қазақстан банк секторындағы несиелеу портфелі 10, депозиттік портфелі 8,5% құрады.
Александр Камалов,«Сбербанк» АҚ басқарма басшысы:
- Біздің банктен депозит ашқан адамдардың қатары жыл сайын артып келеді. Жеке тұлғалар депозиттік шотты мобильдік қосымша арқылы ашады. Бұл көрсеткіш 62% асты. Ал заңды тұлғалардың 90% өз депозиттерін онлайн-платформа арқылы есептеп, бақылайды.
Онлайн-платформа корпоративтік бизнестің құжатты рәсімдеу жұмысын оңтайландырса, жеке тұлғалардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Қазір банктегі барлық қаржы операциясы, тіпті төлем карталарын басып шығарып жеткізу мобильдік қосымша арқылы іске асады. Осы қызмет түрін өткен айда 6 мыңнан астам адам қолданған.
Александр Камалов, «Сбербанк» АҚ басқарма басшысы:
- Жыл басында банктің 91 бөлімшесі бар болса, жыл соңына дейін олардың санын 102-ге жеткізу жоспарымызда бар. Біз «Астана» халықарылық қаржы орталығынан да бір бөлімше аштық. Мұнда онлайн қызмет түрін де пайдалануға болады.
Ал 2020 жылы Қазақстан бойынша тағы 10 бөлімше ашылмақ. «Сбербанк» алдағы уақытта өзге де өнім түрлерін шығаруды қолға алмақ. Оның ішінде кәсіпкерлерге, заңды және қаржы емес ұйымдарға арналған «Дайын бизнес кілті» бағдарламасы бар.
Авторлары: Алмас Садуақас, Кенже Амраев