Хабар телеарнасы

«Central Asia’s Got Talent» байқауының жеңімпаздары анықталды

Ақтық сынға бірнеше қатысушы өткен болатын. Арасында жерлестеріміз де бар. Байқауда Қазақстаннан Ғалымжан Әуесбай, Қырғызстан елінен Айжан Нүсіпәлиева, Тәжікстаннан Падида және Өзбекстаннан Далер Шавкатов жеңімпаз атанды. Ал бас жүлде, яғни 10 млн теңге Тәжікстан елінен келген Чоршанбе Аловатовқа бұйырды. Айта кетерлігі, «Central Asia’s Got Talent» жобасының гранд-финалы елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Жоба 4 телеарна арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Финалда үздік әнші, биші, сиқыршы мен акробаттар өздерінің ақтық сынға дайындаған бірегей жобаларын көрермен назарына ұсынды.

Ерлан  Бекхожин, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы:

- «Хабар» Агенттігі Орталық Азия аумағында алғаш болып осы жобаны қолға алды. Ауқымды жұмыс атқарылды. Өйткені шоуға 4 мемлекеттің талантты өнерпаздары қатысты. Осы ретте байқауға атсалысқан, бізді қолдаған тұлғаларға алғыс білдіремін. Енді осы жоба Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанда да одан әрі жалғасса екен деген тілегім бар.