«Саясаттағы әйел» жаһандық индексінде Қазақстан 94-орында тұр
«Қазақстан әйелдері күштері» альянсы осындай ұсыныс жасады. Құрылым осы бірлестік жанынан ашылып, отбасы істерімен айналыспақ. Ұйым өз ұсыныстары бойынша жол картасын жасап, оны Сенат Төрағасына таныстырды. Құжатта әйелдердің өмір сүру сапасын жақсартуға арналған іс-шаралар көрсетілген. «Қазақстан әйелдері күштері» альянсы өз жұмысын биыл қыркүйек айында бастаған. Бүгінде оның құрамына 20-дан аса үкіметтік емес ұйым кіреді. Олар әйелдер мен балалар құқықтарының бұзылуының алдын алумен, гендерлік теңсіздікпен және әйелдерді саясатта, қоғамдық қызметте ілгерілетумен айналысады. Жол картасы келесі жылдан бастап жүзеге асырылады.
Назгүл Мақжан, «Қазақстанның әйелдері күштерінің» альянсы» ЗТБ төрағасының орынбасары:
- «Әйелдер ошақ басында қалу керек» деген қағида қоғамда қалыптасқан. Сол стереотипті жоққа шағаруымыз керек. Өкінішке қарай сондай ойлар қоғамда дамып келе жатыр. Қазіргі таңда біз Үкіметке 40-тан аса ұсыныс дайындадық.
«Саясаттағы әйел» жаһандық индексінде рейтинг бойынша Қазақстан 149 елдің ішінде 94-ші орында тұр. Қазақстанда қазір жалғыз әйел министр, бір сенат спикері бар. Ал облыс пен қала әкімдері арасында бір де бір әйел жоқ. Ал қазіргі уақытта Сенатта 7, Мәжілісте 30 әйел депутат жұмыс істейді. Ұлттық сенім кеңесінің ІІ отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партиялардың сайлау тізімінде әйелдер мен жастар үшін 30% міндетті квотаны қарастыру қажет деді. Сарапшылар: «Президенттің бұл бастамасы тұтас заң шығарушы процесске оң әсер етеді», – деп отыр.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:
- Бұл – үлкен әлемдік тренд. Мұндай партиялық квота көптеген мемлекетте бар. Германия – парламенттік мемлекет бола тұрып, бүгінде 50% партиялық квота енгізген мемлекеттердің бірі. Одан бөлек Швеция да бар.
Алмас Арзықұлов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:
- Президент: «Біз өз ойымызды білдірудің мәдениетін қалыптастыруымыз қажет», – деп айтты. Яғни «митинг мәдениеті» дегенді айтқан болатын. Бұл жерде тек қана митингке шығатындардың құқығы ғана емес, жауапкершілігі де бар екенін атап өтті. Митингтің басты талабы – қоғамға, жеке адамға зиянын тигізбеу. Бұл – өте жақсы бастама.