Алматыда 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр
Бұл жөнінде науқастардың жағдайына қатысты өткізілген баспасөз мәслихатында айтылды. Апаттан түрлі дене жарақатын алған адамдарды емдеуге еліміздің және Қырғызстанның білікті дәрігерлері жұмылдырылды. Жалпы ауруханаға ұшақ апатынан зардап шеккен 49 адам жеткізілген болатын. 7 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер 19 күрделі операция жасаған. Науқастардың жағдайы қалыпты.
Тілеухан Әбілдаев, қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Көбісі жансақтау бөлімінен профильдік бөлімдерге ауыстырылды. Әсіресе балалардың жағдайы сырттан дәрігерлер шақыртуды талап етпейді. Кейбір ата-аналар жеңіл халде жарақаттанған балаларының қасына баруға мүмкіндік алып отыр. Оған біз рұқсат беріп отырмыз.