Әлеуметтік жәрдемақының жаңа шарттары қандай?
Әлеуметтік көмек көпбалалы отбасыларға төлене бере ме? Оның төлеу шарттары қандай? Жалпы жаңа мемлекеттік жәрдемақы туралы не білеміз?
Аяжан Жаңғабылова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек саясатын дамыту директорының орынбасары:
- Жаңа үлгідегі АӘК-ке құжаттарды тапсыру үшін әрбір азамат өзінің тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту орталығына, ал ауыл тұрғындары әкімшілікке жолығуы шарт. Ол жерде өтініш толтырып, өтініште отбасының табысы туралы мәлімет ұсынады. Өзімен бірге жеке куәлігі болуы шарт. Ал көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа жәрдемақы 367 мың отбасыға тағайындалды. 149 мың отбасының жеке шоттарына аударылды. Бүгінгі күні 90 мың отбасы қамтылды. Жалпы қаңтар айына бұл мақсатта 16,9 млрд теңге қаралған.
Жаңадан енгізілген талаптарға сәйкес уәкілетті орган жұмыспен қамту шараларын ұсынып, азаматтар жұмысқа қабілетті бола тұра бас тартқан жағдайда ғана АӘК құқығынан айырылады.
Ал егер жұмыс болмаса, ондай азаматтарға АӘК төлене береді. Бұл жерде әлеуметтік келісімшартқа қол қойылады.