Хабар телеарнасы

Иракта АҚШ-тың бірнеше нысанына соққы жасалды

Пентагон өкілі Джонатан Хоффманның мәлімдеуінше, ол Иран аумағынан жасалған. Ондаған зымыран әл-Асад базасына түскен. Әзірге одан қанша америкалық әскердің зардап шеккені беймәлім. Бұған қоса Ирактың Эрбиль қаласындағы америкалық нысанға да шабуыл жасалды. Ол үшін жауакершілікті Ислам революциясы сақшыларының корпусы өз мойнына алды. Қазір АҚШ Президенті осы оқиғаға байланысты кеңесшілерімен шұғыл кездесу өткізіп жатыр. Ақ үйдің мәлімдеуінше, Дональд Трамп аймақтағы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.