Атырауда нәрестенің өміріне самарқаулық танытқан дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Дереу жедел жәрдемге апарғанымен, ондағылар «Бала өміріне қауіпті еш нәрсе жоқ» деген желеумен келесі күні балалар дәрігеріне баруға кеңес беріп, кері қайтарады. Алайда келесі күні науқастың жағдайын анықтап, ем қолданғанша, нәресте қайтыс болып кетті. Енді 11 айлық сәбидің ата-анасы балаларының өліміне дәрігерлерді кінәлі деп шағымданып отыр. Осыған орай, іске құқық қорғау органдары араласты. Облыстық Полиция департаменті өз міндеттеріне атүсті қараған дәрігерлердің үстінен қылмыстық іс қозғады.
Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
- Белгісіз затты жұтып қойған 11 айлық сәбидің өліміне қатысты дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 317-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Іс облыс прокурорының және Полиция департаменті басшысының қадағалауына алынды.