Биыл 85 теміржол вагоны жөнделеді
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі теміржол көліктерінің ахуалы сұралды. Теміржол құрамын жөндейтін отандық зауыт талаптарға сай жұмыс жасай алмай отырғандықтан, вагондар Ресей, Беларусь және Украина елдерінде қайта қалпына келтіріледі. Жалпы 1 вагонды жөндеуге 100 млн теңге қаржы жұмсалады. Жаңасын алуға 400 млн теңге керек. «Сондықтан қаржыны үнемдеп, көбіне жаңартамыз», – дейді теміржолшы мамандар.
Асылхан Қалдыкөзов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары:
- Жыл сайын 100-ден астам вагон істен шығатындықтан, олардың орнына жаңа вагон сатып алу үшін қомақты қаражат керек. Сондықтан біз жөндеу тәжірибесін қолданып келеміз. Жақында еуропалық стандарттар бойынша жолаушыларға өте жайлы етіп жаңартылған бірнеше вагон елге әкелінеді.