Ақтауда былтыр отбасы жанжалы бойынша 2 мыңға жуық іс қаралған
Өйткені осы өңірде бір-ақ жылдың ішінде отбасы жанжалы бойынша 1203 іс қаралып, 713 неке бұзылған. Сондай-ақ №2 қалалық сот алимент өндіруге қатысты 67 азаматтық істің 45-іне шешім шығарды. Қалған бесеуі тараптардың келісімге келуіне қарай қысқарған. Бұдан өзге жұбайына алимент өндіру туралы 105 азаматтық іс қаралып, 70-ке жуығына сот шешімі шықты.
Рахымжан Бисенов, №2 қалалық соттың төрағасы:
- Бұл жоба Жоғары сотта жүзеге аса бастады. Бүгінде отбасы жанжалы, алимент өндіруге қатысты істерді бір сот қараса, оның шешімімен келіспеу жолдары ювеналды сотта талданады. Бұл ретте отбасылық сот азаматтық істердің бір жерде қаралуын көздейді. Мұнда сот отырысына судьядан бөлек психолог, әлеуметтік сала және ювеналды полиция қызметкері қатысады. Жоғары соттан пәрмен болған жағдайда №2 Ақтау қалалық сот бұл жобаны жүзеге асыруға дайын. Өкілетті орган келешек облыстық ювеналды сот базасында құрылуы мүмкін.