Хабар телеарнасы

Таразда Абайдың 175 жылдығына орай кітап көрмесі ашылды

Сондай-ақ кемеңгердің өмір жолы, шығармашылығынан сыр шертетін 80-нен астам ғалым-жазушылардың зерттеулері мен еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Көрме тұрақты түрде жұмыс істейді. Осы арқылы халықты Абайдың бай мұрасымен тереңірек таныстыру көзделген.

Батырхан Бейсенбеков, оқушы:

- Мені қызықтырғаны: Абай өлеңді де, сөзді де өте анық жеткізе алады. Абай өз ойын өлеңдері арқылы астарлап, терең мағыналы ұғымдармен жеткізе біледі. Сонысымен маған оның өзге ақындардан ерекшелігі ұнайды.

Гүлфайруз Іңкәрбекова, балалар мен жасөспірімдер кітапханасының директоры:

- Абайдың шығармалары арқылы дұрыс тәрбие беруді мақсат тұтып отырмыз. Бұл көрме бір жыл бойы жұмыс істемек. Қорға түскен барлық жаңа басылымдар осы көрмеден орын таппақ. Сондықтан да «Келемін, көремін, Абайды зерттеймін, тереңірек танимын» деген барлық оқырманға біздің есігіміз ашық.