Жамбыл облысындағы қант зауыты шаруаларға 1 млрд теңге қарыз
Жергілікті қант зауыты 177 шаруа қожалығына 1 млрд-тан астам теңге қарыз. Келісімшарт бойынша бұл қаражат 90 күн ішінде төленуі тиіс. Алайда қазірдің өзінде 50-ден астам диханның ақша алатын мерзімі белгіленген уақыттан асып кеткен. Шаруалар алаңдаулы. Олар өткен жылы да дәл осындай кедергіге тап болыпты. Салдарынан аймақта балтамыр алқабының көлемі жоспарланған 9 мың гектардан, 6 мың гектарға дейін азайып кеткен.
Біржан Пірәлиев, шаруа:
- Біз өткізгелі бері әлі бір адамға бір тиын төлеген жоқ. Көктемгі жұмыстарды бастау керек. Техникаларымызды жөндеуіміз керек. Бөлшектер алу керек. Соның бәріне ақша жетпейді. Көбісінде лизингке трактор алғандар бар.
Берік Нығмашев, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
- Егерде 90 күнде төленбейтін болса, қант зауыты әрбір күніне 0,1 күнделікті төлем төлеп отырады. Ол – бұрын болмаған нәрсе. Қант зауытының басшылығымен сөйлесіп, біз сондай нормаларды енгіздік. 6 ақпаннан бастап тауар өндірушілерге бере бастаймыз.