Елбасы АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездесті
Басқосуда екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайту жолында жасалған игі қадамдар сөз болды. АҚШ елшісі Елбасыға АҚШ Президенті Дональд Трамптың ыстық сәлемін жеткізді әрі сапардың нәтижелеріне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:
- Вы пятый госсекретарь с которыми я встретился. На заре независимости нами было заключено соглашение с компанией «Chevron». С этого момента американские инвестиции пришли в Казахстан. Сегодня у нас функционирует 410 совместных предприятий. Объем американских инвестиций превысил 45 млрд долларов США.
Майкл Помпео, АҚШ Мемлекеттік хатшысы:
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Сыртқы істер министрімен мазмұнды келіссөз жүргіздім. Қазақстан – 90-шы жылдардан бері АҚШ-тың сенімді досы. Әріптестігіміз өте жақсы дамып келеді. Президент Дональд Трамп өзіңізге сәлемін жолдады.