СҚО-да ылғал қоры көпжылғы мөлшерден 50% асып кетті
Қорытындысы көңіл көншітпейді. Мәселен, өңірдегі «Сергеев» су қоймасына келіп құятын ылғал қоры қазіргі таңда көпжылғы нормадан 50% асып кеткен. Себебі өңірде биыл қар молынан түсті. Мұнымен қоса алдағы бірнеше ай жауын-шашынды болады деп күтіліп отыр. Осыған байланысты ТЖД мамандары дайындықтарын пысықтауға кірісті. Бүгінгі күні құтқарушылар 92 елді мекенді қатаң бақылауға алды.
Қымбат Мерғалимова, «Қазгидромет» РММ филиалының директоры:
- «Сергеев» су қоймасына келіп құятын қар суының көлемі екі есеге артады. Оның үстіне болжам бойынша, ақпан, наурыз және сәуір айларында жауын-шашынның айлық мөлшері тек бір тәулікте түсуі мүмкін. Бұл жағдайды қиындатып жіберуі әбден мүмкін.