Мұндай шешімді Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия қабылдады. «Орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау нысандары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету мекемелерін қоспағанда, барлық кәсіпорын мен ұйымның жұмысы уақытша тоқтатылады», – делінген Премьер-Министр сайтында. Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады. Үкімет басшысы Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті.Сондай-ақ жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген қазақстандықтарға МӘС қорынан төлемдерді тағайындау басталды. 42 500 теңгені Алматы қаласының екі тұрғыны алды.