Елімізде ұшақпен қатынау құны төмендей бастады
Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасы тікелей әсер етіп отыр. Айталық, Қазақстандағы әуе билеттерінің құны 12% арзандаған. Бұл – өткен жылдың қорытындысы. Мамандардың айтуынша, билет құнына алғашқы отандық лоукостердің іске қосылуы септігін тигізген. Жалпы күні бүгінге дейін 900 мың арзан билет саудаланыпты.
Мысалы әуе кемелерімен тасымалданған жолаушылар саны 8 млн-нан асып түскен. Ал Қазақстан әуежайлары арқылы транзитпен 1 млн адам өткен. Еліміздің ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алқа отырысында осындай деректер келтірілді.
Енді 2020 жылы қазақстандықтардың отандық лоукостерді пайдалануын жиілету мақсатында жаңадан 6 ұшақ сатып алу көзделіп отыр.