Биыл «Нұрлы жер» бойынша 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр
Солардың бірі – «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы. Енді осы жоба аясында қанша тұрғын үй салынып, қанша азамат пәтер кілтіне ие болғанын талдап көрейік.
Өткен жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 13,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 4,9% артық. Енді биыл 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
Ал жалпы осы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 116 мың отбасы баспаналы болды. Оның ішінде мемлекеттік инвестициялар есебінен 29 мың отбасы қоныс тойын тойлады.
Айталық 2019 жылдың мамыр айынан бері 7 387 көпбалалы отбасына баспана берілді. Жалпы бұл бағытта жыл сайын 6 мың пәтер ұсынылып, 7 жыл ішінде 40 мың көпбалалы отбасын баспанамен қамтамасыз ету көзделген.