Газ құрылғысы бар көліктер жерасты паркингіне кіргізілмейді
Қазір мұның нобайы әзірленіп жатыр. Жалпы елімізде газ қондырғысы орнатылған 340 мың көлік тіркелген. Айта кету керек, осы жылдан бастап мұндай темір тұлпарды тұрғын үй кешені, жерасты автотұрағына және сауда ойын-сауық орталықтарының паркингіне қоюға тыйым салатын ереже күшіне енген болатын. Осыған орай Шымкентте қалалық ТЖД өкілдері жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мадияр Жақсыбаев, қалалық ТЖД басшысының орынбасары:
- Автокөлік иелеріне міндетті түрде газ құрылғыларына тиісті белгілер қойылады. Сонымен қатар сауда ойын-сауық орындары және басқа да нысандарда орналасқан жабық түрдегі нысандарда тиісті белгілерді орнатуы қажет.
Ернар Сейсен, сауда ойын-сауық орталығының бас директоры:
- Әрбір көліктің үстіндегі белгілерді тексереміз. Кейбірінде ондай белгі болмаса да, көліктің үстінде, кейде астынан көрініп тұрады. Газ құрылғысы бар көліктерді тоқтатып, кіргізуге шектеу жасаймыз.