Абай мұрасын зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдері қолданылады
Ғалымдар ұлы ойшылдың ағартушылық бағыттағы қанатты сөздерін мектепте оқыту, «Абайтану» авторлық бағдарламасы және ақын мұрасын дәріптеудің интерактивті әдістері жайлы баяндама жасады. Сондай-ақ кеңестік дәуір суретшісі Евгений Сидоркиннің Абай шығармашылығы туралы туындылары назарға ұсынылды.
Сымбат Ахметова, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ білім тарихы музейінің меңгерушісі:
- Әрбір бөлімге, әрбір тарауға «Абай жолы» роман-эпопеясының иллюстрациясын пайдаланған. Бұл жерде ана бейнелері де бар. Зере анамыз, Тоғжан, Құнанбай атамыз, хакім Абай, жалпы эпопеядағы барлық персонажды көре аламыз.