Қоғам белсенділерімен бейбіт шерулер туралы заң жобасы талқыланды
Бұл – петропавлдық қоғам белсенділерінің пікірі. Бейбіт шерулер туралы заң жобасы талқыланған жиынға мемлекеттік қызметкерлер, партия өкілдері мен тұрғындар қатысты. Олар өз ұсыныстарын айтып, ойларымен бөлісті. Заң жобасын дайындаған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өкілдерінің айтуынша, бейбіт шерулер 250 адамға рұқсат етілген. Қазір қалада митинг өткізетін 4 орын дайын.
Жанат Мұхамеджанов, «СҚО Азаматтық альянс қауымдастығы» ҚБ мүшесі:
- Бұл бейбіт шерулер, митингілер арқылы халық ойын емін-еркін білдіруі қажет. Біз демократиялық мемлекет болғаннан кейін, осы қадам өз пікірімізді билікке жеткізудің бір түрі деп санаймын.