Жаңаөзенде алғаш рет жүрекке күрделі операциялар жасала бастады
Сонымен қатар көпбейінді аурухана жанынан кардиоорталық ашылды. 1,5 айдың ішінде 55 науқас операция залында болған. Яғни дәрігерлер күніне 4-5 адамға дейін қабылдап жатыр. Озық үлгідегі ангиограф медициналық құралын сатып алуға 200 млн теңге инвестиция салынған.
Қоблан Жариев, кардиолог:
- 8 қаңтардан бастап осы уақытқа дейін 55 науқасқа коронарография жасалды. Жүректің тамырына байланысты 27 науқасқа, одан басқа 3 науқасқа мидың тамырларына, 2 науқасқа ритмологиялық операция жасалды.
Мұрат Сарыев, Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасының басшысы:
- Бүгінгі таңға дейін мамандарды Алматы, Ақтау қаласынан шақыртып, операция жасалды. Бұрын бұл аппарат болған жоқ. Біз осы облыс орталығына осындай құрылғы керек деп отырғанбыз. Енді мүмкіндік болып, осындай аппарат алып, мамандар шақырып, қазір жұмыс істеп жатырмыз.