Үй карантиніне жабылғандар қоңырау шалу арқылы бақыланады
Еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин тиісті қаулыға қол қойды. Ол тек «1б» категориясына жататын елдерде болып қайтқан отандастарымызды қамтиды. Оған Гонконг, Макао, Тайвань, Жапония және Италия жатады. Оқшаулау мерзімі 14 күн. Егер де үйде тиісті жағдай болмаса, басқа орын ұсынылады. Ал «1а» категориясына жататын, яғни Қытай, Иран және Оңтүстік Кореядан келген азаматтар арнайы медициналық мекемелерге орналастырылады. Еске сала кетейік, бұған дейін шетелден оралған кей азаматтар қауырт желі қызметіндегі мамандарға көңілі толмайтындығын айтқан болатын. Олар қоңырау шалғандарға толыққанды кеңес бере алмапты.