Өлгендердің тізімінде тұрған ер адам жеке куәлігін ала алмай жүр
Сонда да мынадай оқиғалардың әлі азаймай тұрғаны қынжылтады. Ішкі істер министрлігінің ресми стаститикасына сәйкес, биыл жыл басынан бері алкогольді ішімдік ішіп тізгінге отырған 65 жүргізуші ұсталыпты.
Ал тараздық азамат өлгендердің тізімінде тұрғандықтан, әлі күнге дейін жеке куәлігін ала алмай жүр. 55 жастағы Марат Құрманалиев Халыққа қызмет көрсету орталығына құжат ауыстыру үшін 10 жыл бұрын барыпты. Сол уақытта тұрғылықты мекенжайы болмағандықтан, өкілетті органға уақытында хабарласпағаны үшін айыппұл төлеуге де ақшасы жетпеген көрінеді. Көп ұзамай аты-жөнінің қайтыс болғандардың тізімінде тұрғанын біледі.
Жеке куәліксіз жұмысқа тұру немесе мемлекеттік қызмет түрлерін алу мүмкін болмаған соң, әр жерге жалданып күнін көреді. Көмек қолын созуға жергілікті көші-қон қызметі де шарасыздық танытып отыр. Айтуларынша, елімізде құжат толтыру электронды үлгіге ауысқан сәтте әлгі азамат туралы мәліметтер өшіріліп кетуі мүмкін. Мәселені шешу үшін бірнеше апта уақыт керек екен.
Марат Құрманәлиев, қала тұрғыны:
- Барсам, компьютердегі тізімде жоқ екенмін. 2012 жылы шығарған. Нұр-Сұлтан қаласында балам бар. Сол балам шақырып еді, енді еш жаққа шыға алмай отырмын. Ауруханаға да жатқызбайды.
Арай Айымбек, қалалық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесі басшысының міндетін атқарушы:
- Өлді санатына көшуін әлі алдағы уақытта тексереміз. Нақты анықтаймыз. Қазір анық-қанығын айта алмаймын. Енді бұл кісі бізге жазбаша түрде арыздануы керек. Сосын тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Бұл жерде азаматтың да кінәсі бар. 10 жыл бойы көші-қон полициясына келмей, хабарын бермеген. Құжаттарын ауыстырмаған болып отыр.