Әліпбидің жаңа нұсқасы Президент Әкімшілігіне таныстырылды
Ондағы мамандар жобаны жетілдіру жөнінде бірқатар ұсыныс берген. Айта кетейік, жаңа әліппені жасауға жауапты 4 жұмыс тобы бар. Соңғы екі айда олардың қарауына 40-тан астам жоба түскен. Ғалымдар саралап, әліпбидің барынша жетілдірілген соңғы нұсқасын әзірлеп жатыр. Таңба ол жазу мен дыбыстау ғана емес, сондай-ақ оның қаржы және техникалық операциялар тіліне сай болуын да негізге алу керектігін айтады.
Әділбек Қаба, Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары:
- Латын әліпбиінің ішінде «Си» деген әріп бар мысалы. Бұл барлық елдің әліпбиінде бар. Бірақ біздің әліпбиге кірген жоқ. Өйткені оны нақты қай әріппен таңбалау керектігі анықталмады. «Си» әріпін өзінің мінездемесі жағынан «С» әрпімен таңбалауға болады.