Сүйегі жат жерде қалған сарбаздардың туыстарына іздеу салынды
Павлодардағы іздеушілер сүйектері жат жерде қалған сарбаздардың ұрпақтары, туған-туыстары табылып қалар деген үмітпен олар туралы мәліметтерді барынша көп таратуға тырысып жатыр. Сіздер де назар аударыңыздар!
Ресейдің Брянск облысы, Комаричск ауданының Белый Колодезь ауылында 1943 жылы қаза болған 4 жауынгердің туыстары іздестіріледі. 18-20 жастағы қазақ жауынгерлердің барлығы – Атырау облысының тумалары. Олардың аты-жөндерін құжаттағыдай беріп отырмыз:
- Ибрагим Курсинов. 1915 жылы туған. Майданға Атырау облысы, Богатинск ауданынан шақырылған;
- Еркават Жумалиев. 1914 жылы туған. Атырау облысы, Мақат ауданынан шақырылған;
- Кунай Казгулов. 1920 жылы туған. Майданға Атырау облысынан шақырылған;
- Алигебай Избергенов. 1914 жылы туған. Майданға Атырау облысынан шақырылған.
Жауынгерлер 60-атқыштар дивизиясы оқу батальонының курсанттары болған.