«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесіне қатысушылардың тізімі шықты
Атап айтқанда, «Үздік телевизиялық сериал», «Үздік деректі фильм», «Үздік ойын-сауық бағдарламасы», «Үздік ток-шоу» аталымдарынан үміткер. Бәйгеге үкілеп қосқан үздіктердің қатарында «Келінжан» телехикаясы, «Тайны. Судьбы. Имена» деректі фильмі, «Большая неделя», «Тексердiк», «Әкiм», «Новый курс» бағдарламалары бар. Сондай-ақ «Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин «Үздік тележурналист», ал Агенттік жүргізушісі Ерлан Игісінов «Үздік тележүргізуші» номинациялары бойынша қатыспақ. «Тұмар» сыйлығы көгілдір экрандағы сапа мен кәсібиліктің басты көрсеткіші саналады. Байқаудың тұмар белгісіне бүгінге дейін отандық тележурналистиканың 36 маманы ие болды. Ал биылғы жылдың үздіктері 13 наурыз күні анықталады.
Ләззат Сүйіндік, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ақпарат комитетінің төрағасы:
- Биыл 10 номинация бойынша 211 жұмыс ұсынылды. Өтінімдердің көбі «Үздік деректі фильм», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік телевизиялық сериал» номинациялары бойынша болды. «Тұмар» телевизиялық бәйгесі биыл 4-інші жыл қатарынан өтіп отыр. Бұл жоба сапалы телевизиялық контентті анықтап, тілшілердің еңбегін бағалауға көмектеседі.