Елде әлеуметтік маңызы бар тауарлар тапшылығы жоқ
Әлеумет коронавирустан қауіптеніп, әлеуметтік желілерде де көптеген ақпарат таратып жүр. «Азық-түлік тапшылығы болуы мүмкін» деген хабар халық арасында бар. Расымен солай ма?
Риат Шони, тілші:
- Ауыл шаруашылығы министрлігі өздерінің ресми сайтында арнайы хабарландыру жариялаған еді. Министрліктің айтуы бойынша, азық-түлікті қамтамасыз ету бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп тұр. Қазіргі уақытта өңірлердегі тұрақтандыру қорында, өндірушілердің және сауда орындарының қоймаларында 1 млн 200 тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар қорлары бар екен, яғни байбаламға салынудың негізі жоқ. Ал бұл көлем қалыпты тұтыну кезінде 1 айдан 6 айға дейін жеткілікті екен.