Түркістанда жыл басынан бері 810 отбасыға АӘК тағайындалды
Бұл – АӘК-тің жаңа форматындағы өзгерістің бірі. Теріскей өңірінде де 796 отбасыға кепілдендірілген әлеуметтік пакеті үлестірілді. Бұл қамқорлыққа іліккендердің арасында 9 баланың анасы Айгүл Жарқынбекова да бар. Көпбалалы ананың айтуынша, кепілдендірілген әлеуметтік топтама да балаға қажеттінің бәрі қамтылған.
Әбдуахат Бәкіров, Созақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы:
- Азық-түлік топтамасы мен гигиеналық құралдарға 86 млн теңге қаралған. Бұл жерде АӘК алушылардың жиынтық табысына қарай есептелінеді. Сондықтан мұнда көмек алушылардың негізінен балаларына беріледі.