Павлодарда шетелден келген 135 адам арнайы бақылауға алынған
Ол тәулік бойы жұмыс істейді. Денсаулық сақтау, азық-түлік нарығы, жолаушылар тасымалы жергілікті биліктің жіті назарында. Осы сағаттағы соңғы мәліметтерге сәйкес шет мемлекеттерден келген 135 адам арнайы бақылауға алынған.
Ақмарал Есімханова, тілші:
- Медицина саласы мамандарының хабарлауынша, облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Коронавирус жұқтыру деректері тіркелген жоқ. Алыс-жақын шетелдерден келген азаматтар бақылауға алынды.
Біржан Досмайылов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- Павлодар облысында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Облыста коронавирустық инфекцияның алдын алу және болдырмау жұмыстары жалғасуда. Өңірлік комиссия құрылып, тиісті іс-шаралар жоспары жүзеге асуда.
Облыста тұрғындарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында республикалық бірыңғай шұғыл желіден бөлек сенім телефоны да бар. Айте кетейік, елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай мәдени-бұқаралық, спорттық шаралар уақытша тоқтатылды. Облыстағы 22 балалар мен жасөспірімдерге арналған мектепте жаттығулар тоқтатылды. Бұл мектептерде 7-18 жас аралығында 23 мың бала жаттығады. Мектепке дейінгі және орта білім беру мектептері жұмысын тоқтатты. Ал колледждер қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Олардың барлығы 100% ақпараттық білім беру жүйелеріне көшірілген. Бүгінгі күні 18 мыңға жуық студент үйлерінде оқып жатыр.