Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 13-ке жетті
Барлығы Алматы қаласынан анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады. Осылайша қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша 11, елордада 2 науқас емделіп жатыр. Соңғы мәліметке сүйенсек, қазір елімізде карантинде 1536 адам жатыр, 1094 науқас тұрғын үй жағдайындағы карантинде.
Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:
- Берлин-Минск-Алматы ұшағы арқылы 13 наурызда ұшып келген 2018 жылы туған кішкентай қыз Алматы қаласындағы балалар инфекциялық аурханасына жатқызылды. Екінші науқас – 1966 жылы туған азамат. Мәскеуден бізге 10 наурыз күні ұшып келді. Ол Алматыдағы көпсалалы медициналық орталыққа жатқызылды. Үшінші науқас – 1956 жылы туған азамат. Ол да Мәскеу қаласынан 10 наурыз күні ұшып келген.