Еуропа саяхатынан келген Ақтау қаласының 3 тұрғыны үйлеріне оқшауланды
Бұл мемлекеттер коронавирус инфекциясы тараған қауіптілігі жағынан 1-санатта. Жергілікті билік өкілдері уақытша үйге оқшаулау қауіптің алдын алу шаралары екенін айтады. Сонымен қатар Испания мен Польшадан 2 студент (1 жігіт пен 1 қыз) оралды. Олар да үйлерінде карантинде жатыр. Шет мемлекеттерден келушілерден үйден шықпау жөнінде қолхат алынды. Міндеттемелерді бұзған жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы ескертілді. Айта кетейік, Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ.
Асима Жұмабайқызы, Ақтау қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының басшысы:
- Франция мен Испания – қазір коронавирус инфекциясы тараған қауіптілігі жағынан 1Б санаттағы мемлекеттер. Сондықтан олар үй бақылауында болады. Үйден тысқары жерге шығуға болмайтынын ескерттік. Оларға бекітілген медициналық мекемелер күнделікті қадағалап, денсаулықтарын тексеріп отыр. Егер қандай да бір өзгеріс байқалып жатса, бірден ауруханаға оқшаулаймыз.