ЖОО қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті
Күндізгі бөлімнің студенттері тапсырмаларды «Универ» ақпараттық бағдарламалар кешені мен «Модуль» қашықтан білім беру жүйесі арқылы орындауда. Қазір Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 26 743 студент қашықтықтан білім алып жатыр. Негізінен мұндай әдіс 2010 жылдан бері енгізілген. «Сондықтан жаппай ақпараттық жүйеге көшу қиындық тудырған жоқ», – дейді мамандар. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде 4 мыңға жуық студент қашықтықтан білім беру жүйесіне көшті. Үйлеріне қайта алмай, жатақханада қалған 47 студент те тиісті компьютерлік құрылғымен жабдықталды.
Гаухар Алдамбергенова, ҚазҰҚПУ ректоры:
- Университетте 500-ге жуық профессор-оқытушы құрамы жұмыс істесе, соның 80% жалпы қашықтан оқыту жүйесімен таныс. Өйткені бізде қазіргі таңда 3000-дай студент қашықтан оқытылады. Сондықтан бұл жүйе бізге таныс. Мониторинг жасап отырамыз. Сабақ кесте бойынша жүргізіледі.
Ерлан Қыстаубаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ институт директоры:
- Студенттер мен мұғалімдер арасында қашықтан оқыту құралдары қарастырылған. Олар – мұғалім мен студент арасындағы байланысты қамтамасыз ететін онлайн құралдар. Тапсырмаларды студенттер арқылы орындау, бағалау сияқты цифрлық құралдар аталған жүйелерде әзірленген.