Жамбыл облысында 11 адам карантинде жатыр
Бірақ 11 адам оқшауланып, карантинге алынды. Тағы 4-еуі дәрігерлердің бақылауында. Барлығы шетелден келген азаматтар. 1300-ден астам нысан тексеріліп, эпидемияға қарсы іс-шаралар күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр.
Марат Жұманқұлов, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Республикалық бюджеттен қосымша 43 млн теңге қаржы бөлінген. Оған да қосымша қажетті залалсыздандыру және қорғау заттары, медициналық техника алынған болатын. 600-ден астам медицина қызметкерлері тартылады. 50-ден астам жедел жәрдем техникасы тартылады.