ШҚО-дағы автокөлік жолдарының кей аумақтарын су басу қаупі бар
Олар: Өскемен-Алтай-Қайнарлы, Өскемен-Риддер және Өскемен-Шемонаиха бағытындағы жолдар. Осы қыста бұл өңірлердегі жол шетіндегі қардың қалыңдығы 2-3 метрге дейін жетті. Қара жолдардың бойында 155 көпір болса, бүгінге дейін 42-сі ғана толық ашылған. Ал соңғы бір аптада шығыста күн райы күрт жылынғандықтан, қар да тоқтаусыз еріп жатыр.
Ержан Аязбаев, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РММ облыстық филиалының директоры:
- Су тасқынына қарсы шаралардың қалай жүргізіліп жатқанын көру үшін 30-ға жуық мәрте жолға шықтық. Су басу қаупі бар аумақтарда мониторинг жүргізіп, жолдың тазалығына жауапты мердігер мекемелерге апта сайын ескерту жасап келеміз. Қазір су өткізетін құбырлар мен жолдың екі жағы кеңейтіліп жатыр.