Павлодардағы Токио Олимпиадасына жолдама алғандар жаттығуларын жалғастыруда
Соған қарамастан спортшылар жаттығуларын жалғастырып жатыр. Олар әдеттегідей емес, жеке жаттығуларға көшті. Дайындықтың осындай форматына ауысқандардың қатарында Токио Олимпиадасына жолдама алғандар да бар.
Елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алғашқы деректері тіркелген соң облыста спорттық шараларды өткізу тоқтатылды. Десе де Токио Олимпиадасына лицензия ұтып алған былғары қолғап шеберлері жеке кестелері бойынша дайындалып жатыр. Спортшылар байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғауға ниетті. Қазір халықаралық дәрежедегі спорт шебері Серік Теміржановтың жаттығуында. Ол халықаралық жарыста 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуі тиіс. Қазақстандық ауыр атлеттер 8 салмақ дәрежесі бойынша лицензия ұтып алған. Ал бүгінде Ертіс өңірінде 3500-ден астам бала мен ересек азамат бокспен шұғылданады.
Серік Теміржанов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
- Барлық спортшының мақсаты – Олимпиадада еліміздің туын биікке көтеру. Лицензияға қол жеткіздік. Бапкерлермен жаттығу жұмыстарын өткізіп, тәжірибе алмастық.
Облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған 22 мектебінде 23 мыңға жуық бала жаттығады. Коронавирустық инфекцияға қарсы сақтық шаралар аясында жаттығу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Облыстық Спорт және денешынықтыру басқармасының мәліметінше, өңірде ұйымдастырылуы тиіс 18 чемпионат наурыз айының соңына қарай шегерілді. Сонымен қатар спортшыларға 38 республикалық жарысқа қатысуға шектеу қойылды.