Ақмола облысының волонтерлері қарияларға көмектесіп жатыр
Сандықтау ауданында «Көмек» атты волонтерлер клубы құрылып, белсенді жұмыс істеп жатыр. Оның құрамында аудан орталығының өзінен 50 бала бар. Жастар, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың аулаларын ақ ұлпадан тазартуда. Дәл осындай жұмыстар қазір аймақтың барлық ауыл-аймағында жүргізіліп жатыр. Жалпы Ақмола облысында 80-ге жуық волонтерлік ұйым тіркелген. Олардың құрамында 2 мыңнан астам ерікті бар.
Ангелина Дударь, Балкашино ауылдық әкімдігінің жастар ісі бойынша маманы:
- Біз енді өз қатарымызды көбейткіміз келеді. Мәселен, қазір аудан бойынша волонтерлер саны 200-ден асады. Бізге кәсіпкерлер де көмектесіп жатыр. Айталық, олар сатып алып берген азық-түліктерді волонтерлеріміз мұқтаж отбасыларға таратады.